USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында 2023 жылы 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Облыста 2023 жылдың II тоқсаны бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,9%, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,8%-ды құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев хабарлап өтті.

Батыс Қазақстан облысында  2023 жылы 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Фото: NEGE.kz


 
Алматы, NEGE. Облыс әкімінің хабарламасына сәйкес, ағымдағы жылы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында 25 мың адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданған.
 
«Жұмыс орындарын құру бойынша 2023 жылы 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Соның ішінде тұрақты, уақытша және маусымдық жұмыс орындары бар. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 80% ауылдық жерлерде орналасқан»,- деп атап өтті өңір басшысы.
 
Сондай-ақ, облыс әкімі ағымдағы жылы 25 мың отбасыға 2 млрд. теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жалпы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 28%-ға азайғанын мәлімдеді

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек