USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлады Kazinform.

жәрдем
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні шамамен сағат 18.55-те Атырау-Озинки жолының 22-шақырымында Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы тұсында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соғысқан.

— Жол апаты салдарынан «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігінің жолаушылары түрлі жарақат алды. Барлығы 6 адам зардап шегіп, олар Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors