USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында пилотсыз ұшатын белгісіз аппарат табылды

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында, Ұялы ауылының маңына белгісіз ұшу аппараты құлады. Оны жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды «Мой Город».

Пилотсыз ұшатын аппарат
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Анықталған нысанның ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Куәгерлер түсірген суреттерге қарағанда, бұл француздық Sagem компаниясы әзірлеген Crecerelle барлау дроны болуы мүмкін. Бөкейорда ауданы әкімдігі дронның құлағанын растағанымен, бұл туралы пікір білдіруден бас тартты.

Ал БҚО полиция департаментінің мәліметінше, құлаған нысанға байланысты тексеру жұмыстары басталған.

«Бөкейорда ауданы, Ұялы ауылы маңында пилотсыз ұшу аппаратына ұқсас заттың құлауына байланысты полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізуде», – деп хабарлады ведомство.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС