USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда тағы бір ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектері табылды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы аумағына ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағаны туралы ақпарат тарады.

А
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттың табылуына байланысты уәкілетті қызметтермен бірлесіп тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

— Нысан елді мекеннен алыс аумақтан табылған. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 27 наурыз күні кешкісін Көктерек ауылдық округі аумағында болды. Ұшқышсыз ұшатын аппарат бөлшектері Саралжын (Киров) елді мекенінен 10 шақырымдай қашықтықта түскен.

Бұдан бұрын осындай оқиғалар Бөкей ордасы ауданы Ұялы, Тасқала ауданы Атамекен және Жәнібек ауданы Ұзынкөл, Қамысты ауылдары маңында болған еді.

Қазір оқып жатыр

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ