USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда өрттен қашқан балалар төртінші қабаттан секірді

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласындағы №10 шағынауданда шыққан, деп хабарлайды МойГород.

Өрт
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төртінші қабаттағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар өртенген. Өрт 60 шаршы метр аумақты алды. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, оның жетеуі балалар.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарап жатыр. Видеода екі кішкентай бүлдіршіннің төртінші қабаттың терезесінен секіріп жатқанын көруге болады. Ал төменде оларды ер адамдар мата тосып қағып алып жатыр. Өкінішке қарай, екінші бала секіргенде матаның шеті үзіліп кеткен. Екі бала да ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайы туралы кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Өрт сағат 9:47-де сөндірілді. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр. Ақсай қалалық әкімдігі жағдайдың бақылауда екенін, отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.

Басқа мәліметтер нақтылануда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала