USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда Мәдениет үйінің құрылысы мерзімінде бітпей қалуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы еріктілер Бәйтерек ауданы Щапов ауылында салынып жатқан мәдениет үйі құрылысына мониторинг жүргізді, деп хабарлады kazinform.kz.

театр
Фото: aikyn.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінен мәлім еткеніндей, клуб құрылысына бюджеттен 560 млн астам теңге қаралған.

«Нысанның мердігері – «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС. Техникалық қадағалауды «Тұран Құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалауды «БС Строй холдинг» ЖШС жүзеге асыруда. Мәдениет үйінің құрылысын биылғы желтоқсан айында аяқтау көзделген. Алайда құрылыс алаңындағы қазіргі жағдай бұл мерзімнің бұзылуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Мониторинг нәтижелері бойынша еріктілер құрылыс қарқынын жылдамдату жөнінде ұсыныстар жіберді», - деп хабарлады ведомстводан.

«Мәдениет, өнер және спортты қолдау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты жетекшілік ететін органдар құрылыс барысын ұдайы бақылап, проблемалық мәселелер туындаған жағдайда тиісті шараларды уақтылы қабылдауға міндетті. Біз осы бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз», - дейді еріктілер.

Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов аталмыш құрылысқа қажетті 271 млн теңгені республикалық бюджеттен бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада ғимарат қасбетіндегі кондиционерлерді жасыру міндеттелмек

Астананың код-дизайны

Қостанайда ернін үлкейткісі келген әйел ота жасаған маманды сотқа берді

ерін үлкейту

Wildberries қоймаларындағы өрт қазақстандықтарға қалай әсер етеді

Интернет дүкені

Балаева «Ахуал сегодня» YouTube авторының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева