USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда үш адамды үсік шалып, олар қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында боран кезінде жоғалып кеткен бірнеше адамның өлі денесі табылды. 

Боран
Фото: stan.kz

Астана, NEGE. Полиция қызметкерлері боранды күні жоғалып кеткен үш ер адамның мәйітін анықтады. Алдын ала дерек бойынша, Жәнібек ауданында 57 жастағы ер адам, Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы азамат және Қазталов ауданында 35 жастағы ер кісі көз жұмды.

Ал Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылғанымен, оның аяғы қатты үсіп қалған. Зардап шеккен азамат жедел түрде Орал қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқару қызметтері мен полиция тұрғындарды ауа райы қолайсыз күндері алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы