USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бүгінде ұзындығы 4 шақырымнан асатын Көшім су каналының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Су қоймасының бөгеті 84%-ға жөнделді – шамамен 1,5 шақырым бөлігі қайта жаңартылды.

БҚО
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Су жіберу каналының жөндеу жұмыстары 69%-ға, ал Первомай магистральды каналының жөндеу жұмыстары 66%-ға орындалды. Су қоймасындағы бақылау-өткізу бекеттері мен электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы 80%-ға аяқталды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін Киров су қоймасындағы барлық жөндеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Жобаның жүзеге асуы Киров су қоймасының сенімділігін арттырып, тұтынушыларға суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қайта жаңғырту жұмыстары нәтижесінде су қоймасының сыйымдылығы ұлғайып, жұмысы тиімдірек болады. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы 12 мың гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік береді.

Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Қойманың сыйымдылығы – 62,9 млн текше метр. Бұл нысан Урал-Көшім суару-суландыру жүйесінің құрамына кіреді.

«Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, министрлігіміз 37 су қоймасына кешенді түрде қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Былтыр Ақтөбе су қоймасына 36 жылдан кейін алғаш рет жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде оның сыйымдылығы 245 млн текше метр. Сондай-ақ Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр»,

– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС