USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Көлік
Фото: БҚО полиция департаментінен

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 тамыз күні таңғы уақытта Казталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында болды.

"Анықталғанындай, „ГАЗ-3102“ автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетінде тұрған „КамАЗ“ автокөлігімен түйіскен. Салдарынан 4 адам мерт болып, үш адам ауруханаға жатқызылса, оның екеуі — балалар. Жол оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апаты салдарынан „ГАЗ-3102“ автоөлігінде жолаушы есебінде болған полиция қызметкері мен оның зайыбы көз жұмды. БҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмдардың отбасылары мен тума-туысқандарына көңіл айтады", – деп хабарлады ведомстводан.

Хабарламаға сәйкес, марқұм полицей мен жұбайының артында бес баласы қалды. Көз жұмғандардың тағы біреуінің 7 баласы болған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1982 жылғы екі ер адам және 1985 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болған. 1983 жылғы әйел ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 2016 жылғы ұл баланың жағдайы өте ауыр. 2014 жылғы жасөспірім мен 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты дәрежеде ауыр. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Қадағалаушы орган

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

 Рыс Бибарыс

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Ерболат Досаев

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Нұрасыл Болат