USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 398 үйдің құрылысы басталды

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау және техникалық байқаудан өткізу бойынша кеңес өткізді.

Су тасқыны
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ құрылысшыларды қажетті көлемде құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету және жаңа құрылыс алаңдарына бөлінбеген нысандарды орналастыру мәселелері де талқыланды.

Қазіргі мәліметтер бойынша Батыс Қазақстанда қазірдің өзінде 398 үйдің құрылысы басталып, 726 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 57 үй сатып алынған.

Бүгінгі таңда 2761 нысанда техникалық байқау аяқталып, нәтижесінде 401-ін қайта салу, 1063-ін сатып алу туралы шешім қабылданып, қалған нысандар жөндеуге жатады деп танылды.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан 4041 үй зардап шексе, оның 1491-і тұрғын үйлер және 2550-і саяжайлар, жалғыз баспана болған.

Министр сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржы бөлуге көмектесуге ниет білдірген бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.