USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы дайындық пысықталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі төтенше жағдайдың алдын-алу жөніндегі штаб отырысы өткізіп, отырыс барысында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

с
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімі тиісті сала мамандары мен аудан әкімдерінің су тасқынының алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттарымен танысты. Казгидромет мамандарының айтуынша Батыс Қазақстан аумағында осы күндері күн тез жылып, қар еру процесі арта түседі.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев осы ретте Орал қаласы және аудан әкімдеріне қар тазалау және қар суын сору жұмыстарын күшейту, кезекшілік ұйымдастыру, қажетті техникаларды дайындау және т.б шараларды күшейтуді тапсырған.

Сонымен қатар, өңір басшысының тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және облыс әкімдігі қызметкерлері аудандарға жағдайды бақылау бағытында іс-сапармен шығатын болады.

Нариман Төреғалиев су тасқынының алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Үш өңір, үш дүрбелең: ҰҚК-нің жаңа төрағасы Марат Ирменов туралы не белгілі?

.

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Ермек Сағымбаев

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұсынды

Тұрғын үй

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған