28 Наурыз 18:36
...

Батыс Қазақстан облысы Қоржын ауылының тұрғындары тікұшақпен эвакуацияланып жатыр

ТЖД
Фото: ТЖД

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының тұрғындары тікұшақпен эвакуацияланып жатыр.

Алматы, NEGE. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, адамдарды көшіруге ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-8 екі тікұшағы тартылды. Осы уақытқа дейін аудан орталығы Қаратөбе ауылына 92 адам эвакуацияланды. Жұмыстар жалғасуда.

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің брифингіде мәлім еткеніндей, облыс бойынша барлығы 663 адам эвакуациялық қосынға орналастырылды. Сырым және Қаратөбе аудандарында жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

«Өңірде 321 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылып, 17 мыңнан астам қаптар төселді. Қазіргі уақытта 944 адам 290 техника, 141 мотопомпамен су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуде. Қосымша Маңғыстау және Алматы облыстарынан күш-құралдар көмекке тартылды. Орал қаласы, сондай-ақ Қаратөбе, Теректі аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осындай шешім Сырым ауданында да дайындалып жатыр», - деді Бақытжан Хаберұлы.