Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қанша пара алды?
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлыққа байланысты күдікке ілінді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Агенттік мәліметінше, ол Алматы қаласында кәсіпкерден 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі. Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған, - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Қазір оқып жатыр
«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген
Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев
Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»