USD
USD
USD

Батырбек Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін атқарады

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі шықты, деп хабарлады elbasy.kz.

Батырбек Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндетін атқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды. ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева

Жұманғарин «Өзіңізді баймын деп есептейсіз бе?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты

Серік Жұманғарин

Республикалық бюджеттен қорғаныс саласына қанша қаржы бөлінбек?

Әскерилер

РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс