USD
USD
USD

Баталовтың баспасөз хатшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы тағайындалды. Бұған дейін 8 жыл осы қызметті атқарған Айдар Карбозұлы Башбаев кеше бұрынғы жұмысына қайта кірісті.

Баталовтың баспасөз хатшысы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кету керек, Айдар Башбаев осыдан үш жыл бұрын облыстық тілдерді дамыту басқармасына басшы болып тағайындалған еді. Ол өзінің Фэйсбуктегі парақшасында 3 жыл бірге еңбек еткен ұжымына алғыс білдіріпті.

 «Тіл – халықтың өткені мен бүгіні. Ұлттың тарихының таңбасы саналатын тіл саласында қызмет атқару – кез-келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Бұл бағытта еңбек ету мен үшін зор мәртебе әрі мол тәжірибе болды.

Осы салада қызмет етуіме үлкен сенім білдірген облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовқа және барша зиялы қауымға, тіл жанашырларына, филолог-ғалымдарға, әріптестеріме алғысым шексіз!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес, оған жұрт куә. Болашақта да ана тіліміздің өміршеңдігі үшін әлі талай жұмыстар атқарылатынына сенімім мол.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін!
Ең бастысы – еліміз бүтін, жұртымыз аман болсын!» деген. 

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов