USD
USD
USD

Баталов Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға баспана сыйлады

Талдықорғанда Олимпиада жүлдегерлеріне баспана сыйға тартылды. Бұл жайында ҚазАқпарат сайты жазды.

Баталов Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонға баспана сыйлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауыр атлеттерге екі және үш бөлмелі пәтер сертификаттарын өңір басшысы Амандық Баталов салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ спортшыларды баптаған жаттықтырушы Сергей Седовқа 2 млн теңге сыйақы берілді. Күншығыс елінде Қазақстанның көк байрағын желбіреткен қос спортшының жетістіктері Жетісу халқының да абыройын асқақтатқанын атап өткен облыс әкімі атлеттердің өз шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасауға уәде берді. Спортшылар өз кезегінде бұл нәтижемен тоқтап қалмай әлі де еңбектеніп, Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге күш салатынын жеткізді. Айта кету керек Токио Олимпиадасына Алматы облысынан 10 спортшы қатысқан болатын.

«Бір жылдан кейін Азия ойындары өтеді. Аздаған жарақаттарым бар. Соларды емдеп алып, осы құрлық додасына дайындалам. Одан кейін Париж Олимпиадасы. Бәрі ойдағыдай болса сол жарыстан «алтын» аламын деген өзіме үлкен мақсат қойып отырмын»,- деді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот