USD
USD
USD

Баталов тарихи ескерткішті елемей отырғаны ма?

Алматы облысының Матай станциясындағы тарихи сәулет ескерткіші – теміржолшылар клубы жойылып кетудің аз-ақ алдында. Отандық телеарнаның бірінде осы мәселе көтерілді. 

Баталов тарихи ескерткішті елемей отырғаны ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған нысан ертеректе еліміздегі үздік клубтардың бірі болған. Мұнда аты аңызға айналған Михаил Калашников жұмыс істеген. Бірақ жергілікті билік тозған ғимаратты қалпына келтірудің мүмкін еместігін айтады. Алыстан қараған адамға Матай ауылдық клубы Рим Пантеонын еске салады. Тарихи сәулет ескерткіші болғанымен, мемлекет қорғауында емес. Облыстағы мәдениет саласына ерекше көңіл бөлетін Амандық Ғаббасұлы бұл жайлы хабардар ма екен? 

Бұл ғимарат Түрксіб теміржол магистралінің құрылысы аяқталғаннан кейін салынды.

Мұнда Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды танымал тұлғалар болған. «Заманында белгілі артистер концерт қойып, ең үздік көркем фильмдер осында көрсетілетін еді», – деп өткенді күрсіне еске алды ауыл ақсақалдары. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.