Баталов: Қорықпаймын, жұмысқа жабысып қалған түгім жоқ
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровты қылмыстық қудалауға қатысты облыс әкімі Амандық Баталов: «Кез келген адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін», - деп баға берді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Алматы, NEGE. Мен мұндай жағдайда: «Өтінішіңді жаз, кет, мәселеңді шеш», – деп айта алмаймын ғой. Адамгершілік деген болуы керек. Кез келген адамның басына түсуі мүмкін. Тергеу органдары ақ-қарасын ажырата жатар. Кінәлі болса, жауап береді. Кәнісі жоқ болса, әрі қарай жұмысын істей береді», – деді Баталов.
Әкімнің сөзіне қарағанда, үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәнізоров Баталовқа келіп: «Бұл – бұрынғы жұмысыма қатысты, Алматы бойынша» деп айтқан көрінеді.
«Ісіңді тындыр, саған не керек менен?» деп сұрадым. Ол ақысыз демалыс сұрады. Келістім. Ненің болғаны, болмағаны – тергеу органдарының ісі. Мен не айта аламын? Бірақ оны бұрыннан білемін. 2001 жылы Алматы облысына – Талдықорғанға жұмысқа келгенімде, ол Көксу және Ақсу аудандарының әкімі болып қызмет атқарып жүрді. Сол кезден бастап танимын. Сосын маған келіп, осы жұмысқа орналасты. Бар-жоғы екі ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде мен оған бірнеше тапсырма бердім. Толық орындап шықты», – деп, Баталов орынбасарын мақтап қойды.
Әкім Мәнізоровтың Арыстағы жағдай кезінде «ерекше» көмектескенін айтты.
«Манзоровтың кінәсі расталса, отставкаға кетесіз бе?» – деген сауалған әкім былай жауап берді: «Менің кететінімді, кетпейтінімді үкімет басшысы шешеді. Мен ұзақ уақыт жұмыс істедім, адал қызмет еттім. Керек болса, кез келген уақытта немерелеріммен бірге жүгіріп-ойнап, қастарында бола аламын. Мен қорықпаймын, жұмысқа жабысып қалған түгім жоқ. Бір күн жұмыс істесем де, адал істейтін боламын».