USD
USD
USD

Баталов қызметтен күзде кете ме?

Бүгін Nege.kz порталында «Баталовты босата ма?» деп аталатын мақала жарияланған. Онда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тиімсіз шығындарды қысқарту жөніндегі тапсырмасын Алматы облысының әкімдігі қалай орындап жатқаны баяндалады. Ресми сауалдарымызға әкім аппараты басшысының орынбасары Ж.Әлімбеков жауап берді.

Баталов қызметтен күзде кете ме?
Фото: NEGE.kz

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты газ тарту мәселесіне қатысты сынағанын, көктемде жұмыстан босатуы мүмкін екенін болжағанбыз.

Ғалыммұрат Жүкел

Осыған қатысты Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел редакциямызға хабарласып, былай деп түсініктеме берді:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен көктемде емес, жылдың екінші жартысында келеді. Ал енді Қордайдағы мәселе турасында айтар болсақ, Алматы облыстық ПД Жамбыл облысындағы әріптестеріне көмекке барды. Департамент басшысының бірінші орынбасары жарақат алды.

Амандық Ғаббасұлы Баталовтың зейнет жасында екені рас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Амандық Ғаббасұлының қызмет мерзімін ұзартқанда уақытын белгілеп берген. Ол – 2020 жылдың қазанына дейін».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына биылғы жылдың екінші жартысында барса, ол Амандық Баталовтың Елбасы белгілеп берген уақыты бітетін кезбен тұспа-тұс келуі де мүмкін ғой?..

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.