Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Баталов кезіндегі былық НЕГЕ шешімін таппай отыр? 

Талдықорғанның бұрынғы әкімі, ал қазір Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында алаяқтық жасаған. Бүгін осылай деген Дина Ысқақова ҚР Бас прокуратурасы ғимараты алдында журналистерге сұхбат берді. 

Баталов кезіндегі былық НЕГЕ шешімін таппай отыр? 
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ысқақова Nur Otan партиясында, одан кейін «Кемеңгер» журналында жұмыс істеген. Оны 2016 жылдың қазан айында алаяқтық жасады деген айыппен бас бостандығынан айырған. 

Дина Талдықорғанның сол кездегі әкімі Ермек Алпысовты сол қылмысты ұйымдастырушы деп айыптайды және оны облыстың бұрынғы әкімі А.Баталовтың туған жиені деп атады.

«Мен ол кезде журналист болып істегенмін. Журналист қалай үйді тарата алады? Бұған сол кездегі әкім Баталовтың және Бопазов пен Алпысовтың тікелей қатысы бар. Бірақ жалған айыппен сот мені ғана қамады», – дейді Д. Ысқақова.

Әр пәтер үшін параны Дина тікелей Нұрлан Ыбыраев пен Бопазовқа апарып беріп отырған. Бірақ олардың үстінен қылмыстық іс қозғалмаған.

Д.Ысқақованың айтуынша, ол шенеуніктердің пара алуының барлық дәлелдерін берген, бірақ қауіпсіздік қызметкерлері бес жылдан кейін бұл дәлелдемелерді қабылдай алмайтындықтарын айтып, істі жапқан.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар