15 Тамыз 18:18

Жетісу облысының әкімі НЕГЕ Президенке САБОТАЖ жасап жүр?

Фото:
Жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова үстінен қозғалған істің артында жергілікті билік тұрғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық деректерін жария етіп, заңсыз әрекеттер жайында құзырлы органдарға шағым түсіруі шенділердің өш алуына түрткі болуы әбден мүмкін. Бұл туралы журналист Оrda news Youtube телеарнасына берген сұхбатында егжей-тегжейлі баяндап берді.

 

Таяуда іздеудегі күдіктінің ЖСН нөмірін жариялағаны үшін Сандуғаш Дүйсенованың үстінен іс қозғалып, тергеу изоляторына қамалды. Ол күдікті бір адамды өлтіріп, жас баланы мүгедек еткен көрінеді. Кейін полицияның қолына түсіп, соттың шешімінен тиісті жазасын алды. Бірақ қылмыскерді іздеуге көмектесіп, мәліметтерін әлеуметтік желіге жария етуді Сандуғаш Дүйсеновадан полицияның өзі өтінген көрінеді. Десе де, мұның арты насырға шабады деп ешкім күтпеген-ді.  

С.Дүйсенова.

Журналистің өзі «басына үйірілген қара бұлт – тікелей күштік құрылымдарының ойыны» дегенге сенбейді.

«Мені жек көретін – шенеуніктер. Облыс әкімдігі болуы әбден мүмкін.

Қаңтар оқиғасынан кейін олар әкімдікке жөндеу жұмыстарын жасауы тиіс еді. Бірақ әлі біткен жоқ. Оден бері екінші жылға аяқ бастық. Жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан – біздің облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының жақын достары.

Мен көп әкімнің «өмірін бүлдірдім». Мәселен, бірін жұмыс уақтында ашынасымен ұстап алдым. Бұл күндізгі сағат 11.30-дың кезі еді. Басқа да бірнеше әкімді көлікте басқалардың әйелдерімен ұстап алдым. Бірақ бұл жөнінде жариялағаным жоқ», – дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Айтуынша, ол облыс әкімі туралы жазып,  ұдайы сынап жүрген. Соңғы посты әкімдік сатып алған жас-натуралистер стансасы туралы болыпты. Облыс әкімінің бұл бақтың гүлденіп, хош иіс беріп тұратынын айтқан.

«Шын мәнінде бәрі қурап кетті. Әкім брифинг өткізген кезде, әдетте, Астанаға барады. Бұл жолы Астананың бәрі бізге келді. Олар Текелідегі ең қымбат демалыс аймағын жалға алды. Оған өздеріне қолайы жағатын журналистерді ғана шақырған. Бұл туралы да жаздым. Әлеуметтік желіде әкімді ашық сынадым», – дейді тәуелсіз журналист.

Маусым айының басында Сандуғаш Дүйсенова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне шағым түсіріп, қызмет атқарған, жаңа келген және келетін облыс әкімдерінің тізімдерін берген. Олардың бәрінің мемлекеттен пәтер алып, қызметті аяқталған соң қайтармаған.

«Облыс әкімдері, олардың орынбасарлары, аудан әкімдері мемлекеттен алған пәтерлерін қайтармайды. Тізімде сол пәтерлер де анық көрсетілген. Бір адамның басында осындай үш пәтері бар.

Бұрынғы әкім Талғат Өмірәлиев аудан әкімінің кеңесшісі болды. Ол да пәтерін өткізбеген. Осыдан кейін олардың бәрі де мемлекетке бұл пәтерлерді қайтарды. Мен шағымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінде ресми түрде тіркеттім», – дейді журналист.

Әкімдік «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 500 пәтерді тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға беруі керек болған. Журналистің дерегінше, олар бұл пәтерлерді өздері алған немесе өздерінің туыстарына бөліп беріпті.

«Осы бағдарлама бойынша бір бөлмелі пәтер 4 миллион теңге тұрады екен. Оны алып, құдаларына, туған туысқандары мен көңілдес-ашыналарына берген. Менің сөзіме сенбеген адамдар Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласып, анық-қанығына көз жеткізе алады. Менің шағымым бойынша, бірнеше адамды түрмеге отырғызды», – дейді ол.

Сандуғаш Дүйсенова Талдықорғанда 55 жылдан бері тұрып келе жатқанын айтады. Жетісудың орталығы – шағын ғана қала. Тұрғындары бірін-бірін жақсы таниды. Журналисттің анонимды жазылушылары хабарласатын телефон нөмірі де бар екен. Соған ел түрлі қылмыстар туралы ақпар жеткізеді екен. Соның ішінде облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың резиденциясы туралы да ақпар бар.

«Маған өте жақын әйел былай деді: «Олардың шашып кеткендерін жинап шаршадық. Облыс әкімінің туыстары жиі келіп тұрады. Бізде апталап қонақ болады. Біз оларды киіндіреміз, тамақтандырамыз, концерт ұйымдастырамыз. Әртістерді шақырамыз. Шаршатып жіберді».

Журналист облыс әкімінің резиденциясына әкімнің қайын жұрты көшіп келіп, тұрып жатқанын айтып дабыл қаққан. Олар құдды бір санаторийда тұрып жатқандай өмір сүрген көрінеді.

«Ол жерде қанша гектар жер бар екенін білесіз бе? Табиғаты керемет. Бірнеше ғасыр жасаған шыршалар бар. Қырғауылдар жүреді. Жабайы аңдар да кездеседі. Шамамен 20 гектар жер. Бұл – оның резиденциясы.

Бұдан кейін маған біреулер қоңырау шалып, постымды алып тастауды өтінді. Олар өте жақын адамдар еді. Қулықтарына құрық бойламайды, менің анам мен әкемді де араға салды. Сондықтан мен ол постты алып тастадым. Сосын резиденцияның күзетін күшейтті», – дейді журналист.

Коллаж NEGE

Сандуғаш Дүйсенованың сөзіне сенсек, өңірде идеологияны басқаратын шенеуніктердің, аудан әкімдерінің әйелдері хиджап киіп жүреді екен. Талдықорғанда отбасынсыз, жалғыз тұратын әкімдер де аз емес. Аудан әкімінің орынбасары өз әйелімен ажырасып, басқа әйелге үйленіп алған. Ол әйел: «біз бақыттымыз» деп бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіге жүктепті.

«Шенеуніктерге бұлай істеуге болмайды. Жұма күні арканың түбінде отырсаңыз, мемлекеттік қызметкерлердің бәрі мемлекетке тиесілі көліктермен Алматыға кетіп бара жатқанын көресіз. Жұма күні қала босап қалады. Менде нақты деректер бар. Мемлекеттік көліктермен келгенін кафе-мейрамхалардың жанынан талай ұстап алғанмын. Жетісу нөмірлерін Алматы қаласынан да ұстап алғаным бар. Журналистік зерттеу жүргізудің бүтін бір желісі жұмыс істейді. Агентура талай деректерді жіберді», – дейді журналист.

Осындай қылмыстарды ашып көрсеткен сайын ең жақын адамдарына қоқан-лоқы жасау күшейіп кетеді екен. Ең алдымен, балалары, сосын туыстарына қысым көрсетіледі.

«Қоқан-лоқы іске аспаса, менен құтылғысы келеді. 1 қаңтардан бастап мені әкімдік ұйымдастырған бір шараға баспасөз қызметі шақырған емес. Олар сенен аластатылған адам жасауға ұмтылады. Ең жақсы тәсілдері де бар. Сатып алғысы келеді. Менің бірнеше әріптесіме ақша беріп, онысын бейнежазбаға түсіріп алған. Өте лас тәсілдерді қолданады. Италияның мафия басқаратын қаласында өмір сүріп жатқандаймыз. Көліктің дөңгелегін жарып кетеді, терезелерді сындырды. Шпиондық тыңдау құралдарын орнатып кетеді. Үйімнің есігінің тұтқасына жағып кеткен тезектері жайында айтпай-ақ қояйын», – дейді журналист көрген құқайларын еске түсіріп.

Сандуғаш Дүйсенованың пікірінше, облыс әкімі бір нәрсені ұмытып кеткен. Ол – халықтың қолдауы.

«Халық әділ өмір сүргісі келеді. Сайлауға түскенімде маған 17 800 адам дауыс берді. Бұл маған сенім артқан адамдар. Ұрланған бюллетеньдерді айтпағанда. Халық «біз саған сенеміз, өзгерісті қалаймыз» дегенде көзіме жас келді. Ол мені емес, журналисті қысымға алғанын ескермеді. Мұның бәрі қаланың ішінен шықпайды деп ойлады. Олар мені қорқып қалады, сонымен бәрі бітеді деп сенген секілді.

Бізде қараша айында аудан әкімінің сайлауы өтеді. Мен оған қатысқым келген. Қандай ауданға баратынымды таңдадым. Сондықтан менің үстімнен қылмыстық іс қозғауды жөн көрген тәрізді», – дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Егер журналистің айтып отырғаны рас болса, «Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа саботаж жасап отыр» демеске амалымыз қалмайды. Өйткені мұның бәрі Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатқа мүлдем қарама-қайшы.

Тегтер: