30 Желтоқсан 14:30

Bek Air басшылығының баспасөз-мәслихаты қалай өтті?

Фото:

Bek Air басшылығы апаттан 3 күн өткеннен кейін журналистер алдына шықты. 

Апат себебі бойынша Bek Air нұсқасы. Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырауына бағыттас із (спутный след) себепші болуы мүмкін, –  деді компанияның ұшу қызметінің басшысы Эрик Сапаров. Оның айтуынша,  Алматы әуежайынан Fokker 100 ұшағы ұшпастан бұрын   сол жолақтан Мәскеуге Airbus 321 Neo әуе кемесі бағыт алған.

Толығырақ: Bek Air басшылығы апат себебі жайында өз нұсқасын айтты

 

Қираған нысан иесіне өтемақы төлеу бойынша. Bek Air әуе компаниясы коттедж иесіне тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда өтемақы төлейді. Бұл туралы компания құрылтайшысы Нұрлан Жұмасұлтанов мәлімдеді.

Толығырақ: Ұшақ апатынан болған адам шығынына үй иесі кінәлі ме?

 

Әуе компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, егер ұшақ құлаған аймақта құрылыс нысаны тұрмағанда, адам шығыны болмайтын еді.

Толығырақ: Bek Air баспасөз-мәслихатын 1 минуттық үнсіздікпен бастады

 

Неге Bek Air бірден жүрт алдына шықпады? Нұрлан Жұмасұлтанов ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтып, бір минут үнсіздік жариялады.

«Біздің бұған дейін жұрт алдына шықпауымызға себеп, біз де шок алдық. Біз де сіздерден кем қайғырмадық. Тәжірибелі ұшқыш Марат Мұратбаев та қаза тапты», – деді Н.Жұмасұлтанов.

Тақырыпқа орай: Bek Air басшылығы журналистерге жауап берді

 

Журналистердің «Bek Air өз тарапынан көмек көрсетті ме?» деген сұрағына «Біз әзірге барлық деректі жинап болған соң, қандай да бір шара қабылдауға кірісеміз. Біз әлі қаза тапқан отбасылардың туыстарына көңіл айтамыз», – деді әуе компаниясының басқарма басшысы Әнуар Төлеубеков.

Өткен тікелей эфирді Bek Air әуе компаниясының инстаграм парақшасынан тамашалай аласыздар.

Тегтер: