Шұғыл! Ертеңнен бастап елде шектеу енгізіледі
12 наурыз, 13:10

Дәл қазір Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және басқа да жауапты тұлғалар брифинг өткізіп жатыр.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы коронавирусты пандемия деп таныды. Себеп сол болды ма, әлде бұдан басқа да себеп бар ма, әйтеуір, вице-премьер Тоғжанов 13 наурыздан бастап елде шектеу енгізілетінін айтты. Мерекелік іс-шаралар, адам көп жиналатын жиындар тоқтайды. Әлеуметтік нысандар залалсыздандырылады. Спорттық жарыстар да кейінге шегерілетін болды. Мектеп оқушылары да белгіленген мерзімнен бұрын каникулға жіберілмек.