11 Маусым 16:25

ШҚО-дағы жағдай: Ақпараттық соғыс қайдан шықты?

Фото:

11 маусым Қазақстан баспасөз клубында Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайға байланысты конференция өтті. 

Конференция барысында ШҚО-ның кәсіпкерлік өкілдері арадағы дау-дамайдың басты себептерін айтты. 

Бірнеше ай бойы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің тобы облыс басшылығы мен кәсіпкерлерді қорқытып, тұтас өңірдің қызметін іс жүзінде тоқтатқан болатын. Арадағы түсініспеушіліктер қолдан жасалғанына қарамастан күннен-күнге ушығып барады. 

Мұндай қақтығыстар жеке пайданы көздейтінін жоққа шығармайды. Оған «Semey Bus» ЖШС айналасында болып жатқан жағдайлар себеп. «Semey Bus» компаниясының тиімсіз менеджменті компанияны күйретті. Олардың қарыздары бүгінгі таңда 2 миллиард теңгеден асады. Тасымалдаушы өз мәселесін мемлекеттен субсидия талап ету арқылы шешпек.

«Semey Bus» компаниясын жанама бақылайтын кәсіпкер Серікжан Айкелевтің өз туыстары мен сенімді бизнес-серіктестері басшылық ететін бірнеше компанияның басын қосып, осындай әрекет арқылы пайда көздегені байқалады. Компанияға шарттық міндеттемелердің мерзімдері мен сапасыз орындалуына байланысты санкциялар жиі қолданылған. Келісім-шарттағы міндеттерін орындаудың орнына, олар облыс басшылығын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, мемлекеттік сатып алулар туралы заң бұзушылықтарға жол беріп отыр деп қарсы шабуылға шыққан. Дәлел ретінде аталмыш топ облыс аумағында табысты іске асырылған жобаларды және өзін мемлекеттің сенімді, адал серіктестері ретінде көрсеткен тұрақты, тиімді жұмыс істейтін компанияларды мысалға келтіреді.

Кәсіпкерлер әкімдікті бопсалап отырған басқа кәсіпкерлердің айыптауларын негізсіз дейді. Жылдар бойы жинаған абыройларын лас тірліктерден қорғауға ниетті. «Фирма Азия» ЖШС арызы бойынша Өскемен қаласының полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бірақ, бір жақты қоғамдық пікірді өз пайдасына бұру әрекеттері жалғасуда. Айта кету керек, әкімдікті айыптап жұрген кәсіпкерлер тек ресми БАҚ қана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы жергілікті билікті қорлау мен жала жабуға барған. 

Айтылған айыптаулардың негізсіздігін және қақтығыстың жасанды түрде шиеленісуін ескере отырып, кәсіпкерлер осы жағдайды Мемлекет басшысы, Президент әкімшілігі мен құқық қорғау органдарының назарға алуын сұрап отыр.  

Тегтер: