Бас тақырып

19.12.19 Смета сиқыры: ҚазҰУ-дың 850 миллионы қайда?

Жеті жыл бұрын еліміздегі ең ірі жоғарғы оқу орнының нысандарын салу үшін 6 млн АҚШ доллары бөлінген. Ол нысандар неге салынбай қалды?

18.12.19 Көл түбінен күдікті іздеу операциясы

Қарасудың лайсаңы шенділердің біразының бетпердесін сыпыруы мүмкін. Сыбайлас жемқорлық деңгейін, элитамыз деп әспеттеп жүргендердің ішіндегі бітіспес кикілжіңдерді, жүйенің құрылысы мен қалай жұмыс істейтінін айқындап берді. Бүгін сағат үште Нұр-Cұлтан қаласындағы Байқоңыр аудандық сотында бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің атышулы ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталады.

17.12.19 «Қара полковникке» генерал атағын НЕГЕ бермеді?

Ғабдырахым Меңдешұлының өмірбаянында 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы ақтаңдақ болып қалады. Сол кездегі Қазақ КСР-нің астанасында не болғаны, оған кімдердің кінәлі екені және НЕГЕ солай болғаны туралы ұзақ әңгімелеп жатпайын. Ол үшін күрделі зерттеу қажет, қазіргі уақытта ондай зерттеу жүргізу мүмкін емес. Өйткені осы оқиғаға байланысты материалдардың көбі әлі күнге «құпия» деген таңбамен жасырулы жатыр.

14.12.19 Фариза Оспан: Қарақат Әбденнің кітабы әйелдердің құқығын шектейді

Нұр-Cұлтан қалалық мәслихатының депутаты Қарақат Әбденнің «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет!» атты кітабы екі тілде шыққанын, кітаптың шыға сала дау тудырғанын жазғанбыз.

14.12.19 Путин неден қорықты?

«Норманд» төрттігіне кіретін Ресей, Украина, Франция және Германия мемлекет басшыларының кездесуі не берді, тараптар қандай шешім шығарды, не тоқтамға келді? Бұл сауалдардың жауабы – біреу. Ешқандай. Қазіргі жағдайда басқаша болуы мүмкін де емес. Жауласушы тараптар бірін-бірі тыңдаудан қалғалы қашан. Путин мен Зеленскийдің бірін-бірі алғаш көріп, бір үстелдің басында отырды демесеңіз, баяғы жартас бір жартас күйі қалды. Орыс пен украин бір тілде сөйлеуді доғарды.

13.12.19 Тасмағамбетовті тергеуге шақыртты

Бүгін бір мезетте екі жаңалық елді елең еткізді. Екеуі де Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Нұрғалиұлына қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» қылмыстық ісі  бойынша Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Сұлтанбековке қатысты қызық жайт көп, ол туралы сәл кейінірек.

13.12.19 Google-2019: Адамдар не іздеді, не көрді?

Жаңа технологияның бір артықшылығы ақылды жад жүйесінің автоматтандырылғаны болса керек. Google корпорациясы жыл бойы интернет қолданушыларға аса қызық болған тақырыптар тізімін жариялады.

12.12.19 Қарақат Әбден қазақ қызына НЕГЕ шүйлікті?

Фариза Оспан әлдебір жолмен (GetContact арқылы болуы мүмкін) телефон соққан адамның нөмірін анықтаған. Феминист қызды қорқытқан кім болуы мүмкін? Ол – Президенттің күзет қызметінің 3-бөлім қызметкері-мыс...