Бас тақырып

12.03.20 Мамуновтың қылмыстық ісі мемлекеттік құпия ма?

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың «тапсырмасын» орындай ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз. Мұны Бас прокуратураның Nege.kz порталына берген жауабынан білеміз.

12.03.20 Асқар Мамин НЕГЕ жауап бере алмады?

13 қаңтарда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың атына Дубай EXPO-2020 шығынына қатысты сауал жолдап, бір айдан бір күн асқанда әзер жауап алғанбыз. Сұлтановтың бір ай күттірген сырғытпа жауабына көңіліміз толмағандықтан сауалдарымызды толықтырып, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің атына жібердік. Сұлтановпен салыстырғанда, Мамин БАҚ туралы заңға құрметпен қарайды екен. Жауап кешіккен жоқ, бірақ...

12.03.20 Шұғыл! Ертеңнен бастап елде шектеу енгізіледі

Дәл қазір Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және басқа да жауапты тұлғалар брифинг өткізіп жатыр.

12.03.20 Тоғжанов той өткізбеуге шақырды

Вице-премьер Ералы Тоғжанов елде енгізіліп жатқан шараларға қатысты сөз еткенде қазақтың тойы туралы айтты.

11.03.20 Коронавирус есігіңізді қағып тұр

Бүгін сағат 11-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шаралары туралы баспасөз мәслихаты өтуі керек еді. Бірақ өтпей қалды. Неге?

10.03.20 «Үшінші дүниежүзілік соғыс» жүріп жатыр

Алдымен өзіміз бұл соғыстан үлкен зиянға ұшырайтынымыз кәдік. «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі» дегеннің кері. Баға соғысының елімізге әсері қандай болмақ? Бұл сұраққа мемлекеттік мекемелерге қарасты, не, билікке тәуелді сарапшылар түсініктеме беруден үзілді-кесілді бас тартты. Неге?

09.03.20 Cағидың ақыры

Қарағанды облысындағы қылмыстық топтар туралы сөз қозғалғанда осы өңірде есімін естігенде ересек түгілі еңбектеген бала жылағанын сап тыйған, талайды тітіреткен Сағит Шоқпытов еске түседі.  

08.03.20 Әйелдер НЕГЕ еркектерден ұзақ өмір сүреді?

Осы сұрақ төтеннен қойылғанда ең алдымен ойыңызға қандай жауап келетінін шамалап біліп отырмыз. «Өйткені әйелдердің күнде миын жеп отыратын әйелі жоқ» деп қыжыртуыңыз мүмкін. «Әйелдің қырық жаны бар» дерсіз, бәлкім. Себеп бұл ғана емес екен. Мәселе мына біз – еркектер ойлағаннан да терең һәм күрделі көрінеді...