USD
USD
USD

«ОТТАЙ БЕРСІН!» – Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді

NEGE тілшісі Мақпал Жүнісоваға хабарласып, осы мәселеге қатысты сұхбат беруін сұраған.

«ОТТАЙ БЕРСІН!» – Мақпал Жүнісова Нұрбике Нұрқаділоваға жауап берді
Фото: NEGE.kz

Әнші сұхбат беруден бас тартқанымен, күндесіне қатысты ойын бүкпей айтып қалды.

Жуырда YouTube арнасындағы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек НҰРҚАДІЛОВТІҢ алғашқы жары Нұрбике НҰРҚАДІЛОВА журналист Нұрсейіт ЖЫЛҚЫШЫБАЙҒА сұхбат берген.

Екі бөлімнен тұратын сұхбаттың өзегі – Зәкеңнің жеке өмірі, кейінгі тағдыры туралы. Осы сұхбатта Н.Нұрқаділова Зәкеңнің екінші әйелі болған Мақпал Жүнісоваға қатысты күдігін айтады. Өзімен бірге тұрғанда Зәкеңнің көп ішпегенін, Мақпалға кеткен соң көбірек ұрттағанын, «жағасы кірлеп» жүретінін сөз етеді.

Фото: ғаламтордан

«Ана жақтағы өмірін (Мақпалға кеткеннен кейін – ред.) де естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ ол жақта. Сондықтан ұлыма үнемі әкеңді байқап жүр деп айтатынмын», – деді Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары. 

Сондай-ақ Н.Нұрқаділова Зәкең жайында былай дейді: «Екі баласымен мені не үшін тастап кеткенін білмеймін. Бірақ, Мақпал екеуінің махаббаты – есепке құрылған махаббат. Егер махаббат болса, неге кісіден ажалы болады?».

Тіпті Н.Нұрқаділова «Зәкеңді бірінші отбасынан әдейі алып кеткен болуы мүмкін» деген күдігін де жасырмады.

NEGE тілшісі Мақпал ЖҮНІСОВАҒА хабарласып, осы мәселеге қатысты сұхбат беруін сұраған. Әнші сұхбат беруден бас тартқанымен, күндесіне қатысты ойын бүкпей айтып қалды.

«Рақмет, қарағым! Даже не стоит! Мен ол кісінің деңгейіне түспеймін. Бәрін өтірік айтып отыр. Сондықтан мен ол кісімен жарысып сұхбат бермеймін. Кешірім өтінем, оттай берсін!», – деп жауап берді әнші.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Жөндеу жұмысы

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев