Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ОМБЫ мешітінде Орта жүз қазақтарын СОҒЫСҚА шақырып жатыр

Ресейде аз ұлттарды әртүрлі жолмен соғысқа тарту қызу жүріп жатыр. Сондай әрекеттердің бірі Ресейдің Омбы қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Мұны украиналық

ОМБЫ мешітінде Орта жүз қазақтарын СОҒЫСҚА шақырып жатыр
Фото: NEGE.kz

телеграм каналдар жарыса жазуда.

Онда жиналғандарды белгісіз бір адам «түрлі маман иелері қажет» деп сендіріп, келісімшарт бойынша әскери қызметке жазылуға шақырады. Ал діни қызметкерлер бұған келіскен сыңай танытып, үнсіз тұр. 

«Біздің еліміз көпұлтты және бізді бірлік біріктіреді – бұл Ресейге деген сенім. Біз, еліміздің тұрғындары ретінде бұл бағытта бей-жай қалмай, көмек көрсетуіміз керек», – дейді соғысқа үндеуші.

Видеодан байқасаңыз, соғысқа шақырушының өзі де қазаққа ұқсайтынын көруге болады.

Уикипедиядағы дерекке қарағанда, Омбы облысында 80 мыңға жуық қазақ тұрады. Бұл – облыс халқының 4,1% үлесіне тең.

Омбы облысын негізінен Орта жүздің Керей, Найман, Қыпшақ, Арғын рулары мекендейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ Тольяттидегі кәсіпорындардың бірінде осындай үндеулер болғаны туралы жазған. Жиналғандарға «соғысқа ер-азаматтар алу жоспары орындалмаса, мобилизацияның екінші толқыны басталады» деп қорқытқан. 

Қазір оқып жатыр

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад өлім жазасына кесілді

Башар Асад

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай