23 Наурыз 21:33
...

«Назарбаевты төңірегіндегілер сатып кетті...»

Фото:
20 наурыз күні Мәжіліс депутаты Айдос Сарым

«Ответь Бажкеновой» арнасына сұхбат беріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаңтар бұлігіне қатысы жоқ екенін айтты.

«Экс-президент – Елбасының Қаңтар оқиғасына еш қатысы жоқ шығар. Ол үшін бұл нағыз шок болды. Барлық туысқандары Дубайға қашып кеткенде, ол Алматыдан ұшып келді. Ол тіпті өзінің қауіпсіздік қызметіне де сенбеді, оны көмекшісі Абай Бисембаев өз чартерімен, өз жеке көлігімен Алматыдан алып кетті.

Фото: time.kz

Сіз тіпті бұрынғы президенттің арнайы қызметтерге қатысты қандай дәрежеде сенімсіздік танытқанын елестете аласыз ба? Осы әуежайды экстремистер басып алмай тұрып, ол Астанаға ұшып үлгерді. Бір ғана факт, бірақ бұл нақты факт, экс-президент өзінің күзетіне де, Мемлекеттік күзет қызметіне де, комитетке де сенбеді. Оны ҚР Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары Бисембаев құтқарып қалды. Ол өз көлігімен президентті алып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Мен мұндайды өз басымнан өткізгім келмейді», – депті А.Сарым.

Бұған дейін Қаңтар оқиғасына қатысты кейбір жайттарды билік Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамед Ертісбаевтың аузымен айтқызған. Енді Ертісбаевтың орнын белгілі бір дәрежеде Айдос Сарым басқандай.

Бүгін бірқатар телеграм-каналдарда Н.Назарбаевтың «қаңтар бүлігіне қатысы жоқтығын дәлелдейтін» инсайдерлік ақпарат тарады. Онда былай дейді: «Инсайдерлік ақпаратқа қарағанда, 9 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда Назарбаев пен Тоқаев арасында кездесу өтіп, онда Тұңғыш президент өзін төңірегіндегілердің сатып кеткенін айтқан. Әсіресе, Елбасы Кәрім Мәсімовтің іс-әрекетіне қатты қапаланған».

Фото: Kremlin.ru

Байқасаңыз, соңғы уақытта бұрынғы президент Н.Назарбаевты арашалап алу әрекеттері жиледі және бір қызығы – бұл бейтарап адамдардың және билік өкілдері тарапынан жасалып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, мұның себебін Тоқаев пен Назарбаевтың арасындағы белгілі бір келісімдерден іздеу керек. 

Тегтер: