1 Сәуір 18:09

КҮДЕБАЕВ қалай қашып КЕТТІ?

Фото:

Сенімді әрі тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, Алматы қаласы және Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік КҮДЕБАЕВ елден қашып кеткен.

Қаңтар оқиғасынан кейін «қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша айыпталып, соты жүріп жатқан С.Күдебаев шетелге қашып кетіпті. Оған қатысты сот үкімі бұдан бір ай бұрын шығуа керек еді, алайда сот бірнеше мәрте кейінге қалдырылды.

Осы мерзім ішінде Күдебаевтың өзі де құры қарап жатпады, блогерлер мен журналистерге әлеуметтік желіде «қаңтар оқиғасы кезінде халыққа оқ атпаған ерлігін» дәріптетіп, сотқа қысым жасамақ болды.

Фото: informburo.kz

Сот оған қатысты үкім шығаратын уақытын белгілеген, бірақ өткен аптада С.Күдебаев «жүрегім ауырды» деп ауруханаға жатып алды. Одан кейін сотқа мүлдем келмей қойды. Себебін түсіндірген жоқ. Сот оны мәжбүрлеп әкелу туралы шешім шығарды.

Бірақ кейін белгілі болғандай, осы уақыт аралығында ол елден қашып кету жоспарын жасап, онысын іске асырып үлгерген.

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, Күдебаев алдымен Қырғызстанға, одан кейін Өзбекстанға, соңында Өзбекстан арқылы Солтүстік Кипрге ұшып кеткен. Ол неге Солтүстік Кипрге кетті? Өйткені Қазақстан мен Солтүстік Кипр арасында экстрадицияға қатысты келісімшарт жоқ.

Естуімізше, құқық қорғау органдарында қазір дүрбелең болып жатыр деседі...    

*Редакцияның рұқсатынсыз материалды көшіріп басуға тыйым салынады.

Тегтер: