4 Ақпан 12:26

Қорғаныс министрлігінің генералы істі болды

Фото:

Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментінің басшысы жүйелі түрде пара алып келгені үшін істі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, кадр және әскери білім департаментінің бастығы, генерал-майордың сыбайлас жемқорлықпен айналысқанын әшкереледі.

Кәсіби дайындықтан өткен әскерилерді таңдау, ескерту-профилактикалық жұмыстар жүргізу, тазалық пен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу негізгі міндеті саналатын жоғарғы шенді шенеунік қарамағындағыларды қызмет бабымен өсіру үшін жүйелі түрде пара алып келген» депті хабарламада.

Генерал-майор кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасаған. 31 қаңтарда күдіктіні үйқамақта ұстау жөнінде санкция берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генералдың аты-жөнін атамағанымен, Қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментіне соңғы жылдары генерал-майор Қайрат Рашидұлы Көпбаевтың басшылық жасағаны белгілі...

Тегтер: