28 Сәуір 19:26

Кетті! Елбасы Nege.kz ұсынысына құлақ асты

Фото:

Өткен жылы 11 қарашада Nege.kz порталында «Ассамблеяны кім басқаруы керек: Назарбаев па, әлде Тоқаев па?» деген талдау мақала жарияланған.

Онда былай деппіз: «Ұйымның міндеттері мен мәртебесі туралы сөз етпей-ақ қояйық, онсыз да түсінікті. «Ассамблея керек пе, жоқ па?» деген сұраққа да жауап іздемейміз. Жауап «өз ішіңізде» екеніне сенімдіміз. Бірақ ассамаблея заң жүзінде бар және бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев ассамблея кеңесінің отырысын өткізді. Біз бұл жолы тақырыптағы сұраққа жауап іздейміз».

Осы талдау мақалада «Ассамблеяны кім басқаруы керек?» деген сұраққа жауап тапқандай болғанбыз.

Фото: elbasy.kz

Бүгін Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сәйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын әрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс және екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан мен Ассамблеяны басқару құқығымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», – деп мәлімдеді.  

Тегтер: