29 Қыркүйек 15:15

«Қазақстан – бөтен ел». Путин Жириновскийді НЕГЕ қолдады?

Фото:

Ресей думасы сайлауында жеңіске жеткен  бес партияның бірі ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский тағы бүйректен сирақ шығарып, «сотталғандардың есебінен Сібірді даму керек» деді. Путин бұған жауап берді.

Ресей президенті Владимир Путин Думадағы фракция жетекшілерімен кездескенде Жириновскийдің ұсынысына қатысты былай деді: «Сібірге айдау арқылы еңбек күшімен қамту біздің тәсіл емес. Бұл жұмыс істемейді және аса қаталдық болады».

Фото: РИА Новости.

Бірақ Путин Жириновскийді жалпы қолдады. «Сібірді дамыту туралы ұсынысты қолдаймыз және солай істеуіміз керек. Идея дұрыс, енді соны қалай жүзеге асыруды бірлесіп ойластыруымыз керек», – деді В.Путин.

Әңгіме бірте-бірте Қазақстанға ойысты. Оған себеп – Байқоңыр ғарыш айлағы.

КСРО тараған соң Ресейдің космодромсыз қалғанын айтқан Путин «Восточный» космодромын «жалпыұлттық жоба» деп атады.

«Плесецк – Қорғаныс министрлігінің айлағы, ал азаматтық космодром болған жоқ, айырылып қалдық, Қазақстанда қалды (Байқоңырды айтып отыр – ред.).

Иә, біз әріптеспіз және Қазақстанмен әріптестікті жалғастырамыз. Бұл елмен біздің жақындығымызға, барлық одақтастық міндеттемелер мен мүдделерімізге қарамастан, Қазақстан – бөтен ел», – деді Ресей президенті.

Фото: ғаламтордан.

Рас, қанша жерден «қан-жынымыз араласты» дегенімен, біз үшін Ресей де – бөтен ел. Күні ертең Ресей Байқоңырдан кеткенде Байқоңырдың жайы қандай болатынын бүгіннен бастап ойлағанымыз жөн.

Тегтер: