3 Маусым 13:42

Грузияда қаза тапқан Әселдің ата-анасы Президенттен және Бас прокурордан көмек сұрады

Фото:

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың ата-анасы Men media алаңында ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, қызының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі жіті қарауды өтінді.

«Әсел Айтпаеваны зорлады және өзін-өзі өлтіруге итермеледі» деп айыпталған 57 жастағы Бесик Тордуа қазір Тбилисиде қамауда отыр. Әсел Айтпаеваның қайғылы қазасынан бері бір жылдан астам уақыт өтті, ал шулы іс бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

Осы іс бойынша ұсталған Мұрат Мейірбековке ҚР ҚК-нің 128-бабының 4-бөлігі 2-тармағының және 120-бабының 4-бөлігі 2-тармағының (адам саудасы және зорлау) айып тағылған.

Әселдің ата-анасы өзін-өзі өлтіргені туралы істі прокуратураға берген тергеушілердің қорытындысымен келіспейді.

Қызының өзін-өзі өлтірмегенін дәлелдеу үшін анасы Айсұлу Айтбаева бүгін грузиялық Тараптың денесін тексеру кезінде түсірген фотосуреттерін көрсетті. Фотосуреттерде қыздың денесінен күйіктің іздері анық көрінеді, мойнында буындырудан қалған іздер бар. «Қызымызды өлім алдында айуандықпен азаптаған», – дейді ата-анасы.

Марқұмның ата-анасы Қазақстан мен Грузия халқынан істі жария етуге көмектесуді сұрайды және әділдікті талап етеді.

Қазіргі уақытта Айтпаевтар әулетін қаражат мәселесі қатты қинап тұр. Сараптама жүргізуге, Грузияға ұшуға 500 мың теңге соммасында қаржы керек екенін де айтты. Сондай-ақ Әселдің ата-анасы Қазақстаннан тыс жерде қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен барлық адамдарды еске алуға қор ашуға ниетті. Қор зардап шеккендердің туыстарына тегін көмек көрсетеді, заңгерлік кеңес береді.

Тегтер: