USD
USD
USD

ДАРИҒАНЫҢ күйлі күйеуі «ҚҰСЫП» жатыр...

Алматы облысында

ДАРИҒАНЫҢ күйлі күйеуі «ҚҰСЫП» жатыр...
Фото: NEGE.kz

«Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті компания басшылығын «қызмет көрсету құнын заңсыз көтерді» деп айыптаған.

Агенттіктің хабарлауынша, «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС Қытай Халық Республикасының нейтралды тұсынан Қазақстанға жүк таситын жалғыз оператор болғандықтан, қызметінің құнын заңсыз өсіріп жіберген.

Фото: ғаламтордан.

«Компанияға тиесілі жүк көліктері ҚХР-дің нейтралды жағынан тауар тиеп келіп, ЖШС-ның қоймасына түсірген. Осылай сәт сайын қайталана береді. Әр рейстің (ұзақтығы 3 шақырым) құнын компания заңсыз белгілеген. Монополиялық қызметтің нәтижесінде компания 4,2 млрд теңге заңсыз пайда тапқан», – дейді агенттіктің хабарламасында.

Бір қызығы, тергеу кезінде ЖШС-ның басшылығы кінәсін толық мойындап, компанияның 3,6 гектар жері мен көлік-логистикалық кешенін мемлекеттің пайдасына өткізіп беру туралы өтінім жасаған. Кешеннің құны – 5,3 млрд теңге.

Қытай мен Қазақстан шекарасын «сауын сиырға» айналдырған «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ға қатысты тергеу басталғаны өткен жылдың сәуірінде белгілі болған.

Шекарадағы әлгі «сауын сиыр» кімдікі деп ойлайсыз? Әрине, Ескі Қазақстанды билеп-төстеген отбасы мүшелерінікі. «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ның соңғы бенефициары – Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ екінші күйеуі Қайрат ШӘРІПБАЕВ екен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай