10 Қаңтар 09:51

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Фото:

Мемлекет басшысының Жарлығымен 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 

Алматы, NEGE. Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты «Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы» жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.

«Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген жарлықта.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.

Тегтер: