23 Қыркүйек 16:09

Алматылық атқыштың былықтары: Дужнов «боевик» пе?

Фото:

Бүкіл елді дүрліктірген қайғылы оқиғадан соң алматылық атқыш Игорь Дужновты жақтағандар да болды, даттағандар да болды. Бірі «биліктегі былықтың жемісі оны соған итермеледі» десе, бірі «5 адамды аяусыз атқан қылмыскерді өлім жазасына кесу керек» деп жатты. 

Nege.kz порталының редакциясына Дужновқа қатысты әлдебір құжат келіп түсті.  

Құжатта 2014-2021 жылдары арасында Дужновқа қатысты 6 азаматтық іс пен 27 материал (18 ЖСО-ның ұсыныстары мен борышкердің мүлкіне тыйым салу және күштеп әкелу туралы қаулыларға 9 санкция) қаралғаны көрсетілген. 

2014 жылдан бастап, қарыздарын ұзақ уақыт бойы төлемеуіне байланысты Дужновтың үстінен 4 талапкер арыз түсірген:

– 2 жеке тұлға (Винокурова, Хайбулин);

– 2 заңды тұлға («VarTechAuto» ЖШС, «Банк ЦентрКредит» АҚ (БЦК).

Заңды күшіне енген 3 сот шешімі негізінде Дужновтан барлығы 129,7 миллион теңге өндірілген. Олар: 

Винокуроваға – 5 083 100 теңге;

– Хайбулинге –  1 535 000 теңге;

– «VarTechAuto» ЖШС –  5 000 000 теңге; 

– БЦК – 118 149 373 теңге. 

Бұдан бөлек, «NANO PLUS» ЖШС-нен (құрылтайшысы және басшысы – И. И. Дужнов) 2013 жылғы 28 наурыздағы сырттай сот шешімімен «Қостанай-Кама Сауда үйі» ЖШС-нің пайдасына 2 500 000 теңге қарыз өндірілді (өтелмеген, 2016 жылдан бастап төлем жүргізілмеген деп тізімнен шығарылған).

Осы деректердің барлығын ескерсек, Дужнов осы уақытқа дейін елден алған берешектерін қайтаруға әрекет жасамаған. Айталық, қайтарылмаған қарыз мерзімі «Торговый Дом «Костанай-Кама» ЖШС-ға 3 жылдан аса, Хайбулин, Винокурова, «VarTechAuto» ЖШС-ға да 3 жылдан аса, банкке 6 жылдан аса уақыт өткен. 

Дужновқа қатысты іс мұнымен бітпейді. Сомаларды өндіріп алудан басқа, Дужнов тағы 3 іс бойынша жауапкер болған:

1. БЦК-нің мүлікті өндіріп алу туралы талабы бойынша,

2. Хайбулиннің соманы ерлі -зайыптылардың жалпы қарызы деп тану туралы талабы бойынша,

3. Тұрғановтың Дужновтар отбасын көшіру туралы талап арызы бойынша. 

Сот орындаушылары Дужновқа қатысты сот актілерін мәжбүрлеп орындату және басқа да шаралар қолдану туралы талаппен 27 рет сотқа жүгінген.

ЖСО ұсынымы мына мәселелер бойынша берілген: 

  • борышкердің ортақ мүліктегі үлесін айқындау, 
  • сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту. 

Ал А.П.Демирчянға келетін болсақ, онда БЦК-дан басқа соманы өндіріп алу туралы өзге сот актілері жоқ.

Nege.kz порталына оқырманымыздан келген хатта Дужнов жауапты болған іс туралы да мәлімет көрсетілген. 

 Бірінші іс қарызды өндіру үшін О.Г.Винокурованың И.Дужновқа қарсы талап арызы бойынша келтірілген (26.12.2016 жылғы шешім). 

Келеңсіздіктің неден басталғаны да белгілі. Игорь Дужнов арызданушыдан 10 мың еуро қарыз алған. Оны 30 күн ішінде 27.02.2012 жылға дейін тауып бермек болған. 30 күн ішінде қайтарамын деген уәдесін қолхатпен растаған. Дужнов мұнымен тоқтамай, Винокуровадан 28.01.2013 жылы 2 000 000 теңгені 28.01.2014 жылға дейін қайтарамын деп тағы алады. Жауапкердің екі қарыз шарты бойынша берешегінің жалпы сомасы 5 761 600 теңге болған. Дужнов болса аталған қарыздың 353 000 теңгесін ғана өтеген. 

 

Соттың 2016 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен И.Дужновтан О.Винокурованың пайдасына 5 083 100 теңге қарыз өндірілген. 

Құжатта «VarTechAuto» ЖШС және Хайбулин Рафаиль Мухаметович Игорь Иванович Дужновқа және Демирчян Анаида Погосовнаға ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен борышы және бірлесіп жинаған мүлкі деп тану туралы талап арызы да көрсетілген (2016 жылғы 21 желтоқсандағы шешім).

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 13.03.2014 жылғы шешімімен «VarTechAuto» ЖШС мен Хайбулиннің Дужнов И.А талаптары бойынша олардың пайдасына тиісінше 5 650 000 теңге және 1 700 350 теңге сот шығындарымен қарыз өндірілген. Осы сот шешімімен жауапкер И.Дужнов «VarTechAuto» ЖШС талапкерлерінен 5 000 000 теңге сомасында қарыз алған кезде және Р. М. Хайбулина 1 535 000 теңге сомасында өзінің жұбайы А.Демирчянның келісімімен әрекет еткені анықталды. Оны растайтын жазбаша хат та болған. 

Дужновтың қарызын ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы және жауапкерлер И.Дужнов пен А.Демирчян бірлесіп сатып алған мүлік деп тануды сұраған.

2016 жылғы 21 желтоқсандағы сот шешімі мұны қанағаттандырмады, өйткені бұрын «VarTechAuto» ЖШС және Р.Хайбулин И.Дюжновтан қарыз шарттары бойынша қарыздарды өндіріп алу туралы сотқа жүгінген кезде негізгі міндеттеме бойынша борышкерге (И.Дужновқа) ғана талаптар қойған, сол арқылы олар міндеттемені тек И.Дужновтан орындауды талап етіп, өз құқықтарын іске асырған.

Суретте Дужнов оң жақ шетте. Фото: ғаламтордан.

Айтпақшы, бүгін Дужновтың бекер адам емес екенін растайтын тағы бір дерек жарияланды. Ресейдің арнайы қызметі Игорь Дужновтың Украинаның Донецк облысы аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқанын хабарлады. Арнайы органның дерегінше, Дужнов Украинаның шығысындағы соғыс аймағына жіберілетін еріктілерді тартатын «Суть Времени» дербес құрылымының құрамында болған...

Тегтер: