Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейн мәлімдеме жасап, компания штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Астана, NEGE. ҚТЖ мәліметінше, тасымалдау процесі үздіксіз іске асырылып, жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толық көлемде қамтамасыз етіледі.
«Қозғалыс қауіпсіздігі және тасымалдау кестесінің орындалуы үнемі бақылауда. Компанияның жолаушылар мен клиенттер алдындағы барлық міндеттемелері толық көлемде орындалады», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Әзірге күдіктілерге нақты қандай айып тағылғаны белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.