USD
USD
USD

«Баспасөз картасы журналистің мүддесін қорғауға қызмет етеді»

Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев баспасөз картасын енгізудің қандай артықшылығы бар екенін айтты.

«Баспасөз картасы журналистің мүддесін қорғауға қызмет етеді»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Масс-медиа туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде көптеген пікір мен ұстаным айтылуда.

– Баспасөз картасына қатысты әртүрлі түсіндірмелер бар. Баспасөз картасы – журналистердің мүддеcін қорғауға арналған. Әрине, пресс-картаны алудың қажеті жоқ, бірақ кім пресс-картаға ие болса, оның ерекше мәртебесі болмақ. Бұл бірқатар мүмкіндікке жол ашады, оның ішінде елдегі ұйымдар, әсіресе, мемлекеттік ұйымдар қолжетімді болады. Былайша айтқанда,  журналистер үшін белгілі бір пайдасы бар.

Бұл картаны журналистердің міндетті түрде алуы қажет емес. Баспасөз картасын алмай-ақ қызметін өзгелермен бірге жалғастыра алады. Алайда, баспасөз картасын алу арқылы белгілі бір мүмкіндіктерге ие болады, – деді қауымдастық төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park