USD
USD
USD

Әкім орынбасарынан коронавирус табылды

Әкімдік күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды. 

Әкім орынбасарынан коронавирус табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады. «Асхат Ораловтың дене қызуы көтерілген. Осыған байланысты ол коронавирусқа тест тапсырды. Сынама оң нәтиже көрсетті», –  дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде әкім орынбасарымен араласқан адамдардың барлығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу шаралары жалғасуда.

«Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері коронавирус инфекциясына тест тапсырып шықты. Оның нәтижесі туралы қосымша ақпарат таратылады», –  делінген ресми хабарламада.

Ал облыс әкімі күнделікті тәртіп бойынша өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бірақ барлық шаралар бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылады. Жеке қабылдау мен кездесулер уақытша тоқтатылды. Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын. Одан кейін инфекция депутат Бекболат Тілеуханнан табылды. Ал демалыс күндері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Министрде пневмония анықталып отыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту