USD
USD
USD

Баспанасы барлар зейнетақы жинағынан ақша ала ма?

Тұрғындардың баспанасы болса да, зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Баспанасы барлар зейнетақы жинағынан ақша ала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, бұл бағытта шектеу болмайды, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Егер бір бөлмелі пәтер тарлау болып, оның орнына екі бөлмелі пәтер алуға шешім жасалса, онда БЖЗҚ-дан ақшаны шешуге немесе қосымша төлеммен пәтерді айырбастауға рұқсат етіледі.

Мұнымен қоса, бір бөлмелі пәтерді сатып, одан түскен ақша мен зейнетақы жинағын қосып, екі бөлмелі пәтерді сатып алуға болды.

«Осы мәселелердің барлығы қарастырылған. Сәйкесінше, басқа баспана алуға шешім жасалса, шектеу болмайды», – деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауға болатынын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы