USD
USD
USD

«Баспана Хит»: мөлшерлемелер төмендетілді

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11,25%-дан 10,75%-ға дейін төмендетілді деп хабарлайды, Қазақстанның орнықтылық қоры.

 «Баспана Хит»: мөлшерлемелер төмендетілді
Фото: NEGE.kz

Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) базалық мөлшерлемені 9,5%-дан 9%-ға дейін төмендету бойынша шешімін жариялауы нәтижесінде болды. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері ҚРҰБ базалық мөлшерлемесіне байланысты болатынын (ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі +1,75%) еске саламыз.

Бұл бағдарлама бойынша мөлшерлеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа қарыз алушыларға ғана қатысты болады.

«Баспана Хит» бағдарламасының талаптарына сәйкес 300 млрд теңгеге қарыз беру жоспарланып отыр, бүгінгі таңда оның 224 млрд теңгесі игерілді.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент