USD
USD
USD

Баспана алу бойынша табыс көзін растайтын банктің хаты жыл соңына дейін жарамды

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша Тұран шағын ауданындағы кредиттік тұрғын үйлердің конкурсына өтінім беріп, төлем қабілетін растаған азаматтардың Отбасы банк берген хабарлама хаты жыл соңына дейін жарамды.

Баспана алу бойынша табыс көзін растайтын банктің хаты жыл соңына дейін жарамды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша «Шаңырақ» бағытымен тапсырылған несиелік 27 тұрғын үйді басқарма теңгеріміне мемлекеттік органдармен тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Несиелік бағыттағы пәтерлер толығымен тұрғын үй басқармасының теңгеріміне өткізілген соң, азаматтар сатып алу туралы келісім шартын рәсімдейді. Кейін банктен ипотекалық қарыз шартын беруді мақұлдау туралы хабарлама хатын ұсынып, тұрғын үй сертификатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағытымен тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам