USD
USD
USD

«Бас-миым шайқалды»: Жол апатына түскен Толқын Забирова жағдайын айтты

Бірер күн бұрын жол көлік апатына түскен әнші Толқын Забирова тыңдармандарымен байланысқа шықты.

«Бас-миым шайқалды»: Жол апатына түскен Толқын Забирова жағдайын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол қазіргі денсаулық жағдайы туралы айтты. Өнер иесі аурухана палатасында жатқан жерінен видео түсіріп, өзіне алаңдаушылық білдірген барша жұртқа алғыс білдірді.

«Қайырлы күн, достар. Басыма осындай күн түсіп тұрған кезде менің жанымда қанша жанашырларымның барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына менің көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рахмет. Ең бастысы, аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Бас-мидың шайқалуы дегенмен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар. Ем алып жатырмын. Осы айтқан барлық тілектеріңізді Алла тағала қолдап, еселене түссін. Сіздерге мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға сақ, ұқыпты болыңыздар деп айтқым келеді. Өмірге үлкен жауапкершілікпен қарайық», – деді Забирова.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы