USD
USD
USD

Басқарма басшысы 10 жылға сотталды

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі хабарлайлы.

Басқарма басшысы 10 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен келісілген 30 000 000 теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт