USD
USD
USD

Басқа медицина

Жаңа жылдан кейін денсаулық сақтау жүйесі толығымен түрленбек. 2020 жылдан бастап еліміз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне толық өтетін болады. Бүгін Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов МӘМС-тің мәнісін тағы бір айшықтап берді.

Басқа медицина
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, МӘМСке қатысты барлық дайындық жұмыстары 2015 жылдан бастап жүргізіліп келді. Ал 2016 жылы Медициналық сақтандыру қоры құрылып, онда 2017 жылдың маусым айынан бері азаматтардың салымы жинақталуда. – Келер жылы Қордың алдында медициналық қызметтерді сатып алатын бірегей орталыққа айналу, медициналық қызметтердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету міндеттері тұр. Сонымен бірге, Қор өз жұмысы аясында азаматтардың медициналық қызмет алу құқығын қорғау, сапалы медицинаның қолжетімді болуы, кепілдендірілген медициналық көмек пен медициналық сақтандыру қызметтерін бөлек есепке алу бағыттарын іске асыратын болады, – деді Жұмағұлов.

Оның сөзінше, жаңа бастамалар қатарында, тұңғыш рет медициналық сауықтыруды 3 кезең бойынша, атап айтқанда тәулік бойы, күндізгі стационар және амбулаторлық кезеңдерде жүргізу көзделген. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі мен медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәр-дәрмекпен қамтамасыз ету 2 есеге арттып, қаржыландыру көлемі 197 млрд. теңгеге жетті. МӘМС медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсартады. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлер жалақысы 20 пайызға артпақ. Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі мен медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру 2020 жылы 51 пайызға артып 1,6 трлн. теңгеге жуықтайды. Оның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне 988 млрд. теңге, МӘМС-ке 580 млрд. теңге қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский