USD
USD
USD

Басқа айтар сөзім жоқ: Президент балаларға зорлық-зомбылық жасағандарды бақылауға алуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде баяндама оқыды. 

Басқа айтар сөзім жоқ: Президент балаларға зорлық-зомбылық жасағандарды бақылауға алуды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың өршіп бара жатқанын тілге тиек етті. 

 

«Өкінішке қарай, оқушылардың бір-біріне әлімжеттік, тіпті, зорлық көрсетуі тыйылмай отыр. Соның кесірінен олар өз-өзіне ол жұмсауға, яғни суицидке дейін баруда. Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ, оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады», - деді Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, буллингке біржола тосқауыл қоюы қажет.

«Соңғы уақытта маған зорлық-зомбылық көрген балалардың ата-аналарынан өтініштер келіп түсуде. Ашығын айтқанда, мұндай хаттарды оқу оңай емес. Жасөспірімдердің қылмыстық психологиясы мен кейбір мұғалімдердің немқұрайлығының құрбаны болған балалардың жай-күйі жүректі ауыртады.

Мен Президент Әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырдым. Мұндай адамдарға басқа айтар сөзім жоқ. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен мұндай жағдайлардың бәрін тіркеп, маған баяндауы қажет. Қатаң шара қолданамыз», - деді президент. 

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

ЖЭО

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Депутаттар