USD
USD
USD

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Таразда 29 наурыз күні таңертең ертемен Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің жанынан жергілікті наубайханалардың бірінің бұрынғы директорының мәйіті табылды.

Полиция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Telegram-дағы Halyqstan арнасының хабарлауынша, 35 жастағы кәсіпкер басынан алған оқ жарақатынан көз жұмған.

Қайғылы жағдайдың алдында марқұм танысының үйінде қонақта болған. Белгілі болғандай, ол бұған дейін сол танысынан құны 18 миллион теңге тұратын көлікті қарызға алған.

Жол талғамайтын көліктің иесі ақшаны немесе көліктің өзін қайтаруды талап еткен, осыдан кейін жанжал шыққан.

Осы жайттан кейін кәсіпкер көлік иесінің көмекшісімен бірге Сүлейменов көшесіне қарай бет алған. Болжам бойынша, ол көлікті көмекшісі арқылы беріп жібермек болған. Алайда жол үстінде ер адам кенеттен қару шығарып, жанындағы адамға қарай екі рет оқ атқан. Бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген. Біраз уақыттан кейін тағы бір рет оқ атқан – бұл жолы қаруды өзіне кезеген.

Марқұмның денесін онымен бірге таңғы намазға бармақ болған танысы тауып алған.

Полицейлер оқиға орнынан тіркелмеген травматикалық тапанша мен гильзаларды тәркіледі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Тараз қаласында ер адамның мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық Кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты әрі толық тергеу шаралары жүріп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Мұхтар Шаханов

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

брусчатка дауы

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?

Мәжіліс

Желіде ерлі-зайыптының интимді видеосы тараған: күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Интимді видеоны тарату