USD
USD
USD

Басын орындықпен ұрды: Әскерге барған жігітті 3 айдың ішінде ауру қылған (видео)

Бұл жағдайды журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында баяндап берді. 

Басын орындықпен ұрды: Әскерге барған жігітті 3 айдың ішінде ауру қылған (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласына әскери борышын өтеуге барған Алдияр Кеңесбек үш айдың ішінде кәдімгі ауру адамға айналған.

«Кеше ғана ойнап-күліп жүрген жас жігіт әскерге барған 3 айдың ішінде осындай кеселге ұшырады. Ешқандай жын кірген жоқ, бастан контузия алды.

18 жасар Алдияр Кеңесбекті әскерилер биылғы маусым айының 7-сі күні оқып жүрген жерінен алып кеткен. Таңертең Тараздағы колледжге емтиханға кеткен бала кешке тобымен бірге әскерге аттанады. Өзі Жамбыл облысының, Рысқұлов ауданынан Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімге түседі. Ант қабылдаудан бұрын таяқ жеп үлгереді. Отбой кезінде жел шығарғаны үшін сержант басынан орындықпен ұрған. Ертеңіне сапқа тұрғанда есінен танып құлаған Алдиярдың содан бері талмасы ұстайды. Одан кейін антты қалай қабылдағаны белгісіз? Осындай судоргамен 2 ай жүрген жауынгер ақыры ауруханаға түседі. Әкесі Кеңесбек Әбдірайымовқа ауруханадан белгісіз жан хабарласып, баласының осында жатқанын айтқан.

Мұны естіген әкесі Ақтөбеге барып, ұлын емдеуге қатысты отпуск алады. Енді 7-ші қазанда демалыс бітеді, балам мына түрімен қалай борышын өтейді деп зар жылайды ата-ана. Осы мен әскерилерге таңым бар, бір бөлімшеде бір нәрсені бүлдіреді де іс қозғалса не ауысып кетеді не жұмыстан шығып кетеді. Алдындағы марқұм Әлібек Қалбайды қорлады деген офицерлер де жай ғана өзге бөлімге ауысып кеткен.

Қысқасы былай, жақында Президент сайлауы. Енді үміткерден әлеуметтік-мәдени саламен қатар әскерге кеткен баланың аман қайтуына мемлекеттік кепілдік беруін өз бағдарламасына қосуын талап етейік. Әйтпесе, зіңгіттей 18-дегі жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге кетіп бірі ауру, бірі табытпен оралуда», – деп жазды журналист. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу