USD
USD
USD

«Басы дардай, аяғы қылдай»: Путин мен Трамп бірін-бірі мақтаумен шектелді

Аляскадағы әскери базада өткен келіссөздер аяқталды. Алайда кездесуден кейінгі пресс-конференция болған жоқ.

Аляска
Фото: Reuters

Алматы, NEGE. Анкоридждегі Эльмендорф-Ричардсон әскери базасында өткен келіссөз аяқталды. Ақ үй бұған дейін уәде еткендей, келіссөзден соң екі президент баспасөз мәслихатын өткізуі керек болған. Трамп пен Путин журналистер алдына шығуын шықты, бірақ бұл ешқандай да пресс-конференция болған жоқ. 

«Егер Трамп президент болса, бұл соғыс шынымен де болмайтын еді» деп Путин Трампты мақтады, Трамп «Біздің қарым-қатынасымыз жақсы» деп Путинді жақтады. Осымен «пресс-конференция» бітті.

Тараптар тіпті кездесуден соң жоспарланған түскі асқа да барған жоқ. Трамп Вашингтонға кетті, Путин Мәскеуге қайтты. Путиннің АҚШ-қа осы жолғы сапары бар-жоғы 5 сағатқа созылды.

Бұл кездесуден зор үміт күткен сарапшылар да, өткір сұрақтарын дайындап келген журналистер де ештеңені түсінбей дал боп қалды. Би-би--Би-Сидің тілшісі Елизавета Фохт бұл кездесуге «гора родила мышь» (басы дардай, аяғы қылдай) деп баға берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер